Таяу Шығыстағы ахуалдың күрт шиеленісуін терең алаңдаушылықпен бақылап отырмыз.
БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездескен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, серіктестікті одан әрі нығайтуға қатысты міндеттерге тоқталды. Әлемдегі геосаяси ахуалды талқылау барысында Мәулен Әшімбаев Қазақстан дау-жанжалды халықаралық құқық және БҰҰ Жарғысы аясында дипломатиялық жолмен бейбіт шешуге бейіл екенін атап өтті. Сондай-ақ, мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен БҰҰ-ның дәйекті ынтымақтастығына негіз болатын іргелі құндылықтарды тілге тиек етті. Еліміз ұйымның барлық құрылымымен тығыз әрі сындарлы байланысты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Бұдан бөлек 15 наурыз күні өтетін рефорендумға тоқталды. Мемлекет басшысы былтырғы қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында бірпалаталы Парламент жүйесіне көшу туралы бастама көтерген еді. Осы мақсатпен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылып, елдің стратегиялық даму басымдықтарына және қазіргі жаһандық сын-қатерлерге сай жаңа Конституция жобасы әзірленді - деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазір елде елеулі өзгерістер жүріп жатыр. 15 наурызда жаңа Конституция жобасы референдумға шығарылады. Жаңа құжат аясындағы маңызды бағыттардың бірі – жоғары өкілді билікті нығайту, екі палатаны біріктіріп, біртұтас парламент құру. Менің ойымша, бұл – парламенттік институттарды одан әрі күшейту үшін өте қажет әрі уақытылы қадам. Алдағы уақытта сіздермен де, БҰҰ институттарымен де белсенді өзара байланысты нығайта түсеміз. Сондай-ақ парламенттік комиссия Тұрақты даму мақсаттарын мониторингтеу жұмысын жалғастырады деп сенемін, өйткені бұл біз үшін стратегиялық жұмыс бағыты.
Саранго Раднарагча, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:
- Біз кейінгі саяси реформаларды бақылап отырмыз, оның ішінде жаңа конституция жобасы бар. Оған қатысты рефрендум наурыздың 15-не белгіленіп отыр. БҰҰ өз тарапынан заңнамалық бағытта қолдау көрсетуге дайын. Атап айтқанда, жекелеген заңдарды әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша. Егер үкімет тарапынан осындай қолдау сұралса, көмек көрсетуге әзірміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #Мәулен Әшімбаев #БҰҰPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz