RU
Толық нұсқаға өту

Брюссельде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

05.03.2026, 13:51 42

Елшілігіміз бен «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы ұйымдастырған іс-шараға Бельгияның 20-дан астам туристік компаниясы және Алматы қаласынан келген отандық туроператорлар қатысты.

Былтыр Қазақстанға саяхаттаған бельгиялық туристердің саны 15 пайызға артты. Алда көрсеткішті еселеу көзделіп отыр. Осы мақсатта туроператорлар арасында іскерлік кездесулер өткізілді. Қазақстан тарапы экологиялық, мәдени-танымдық туризм бойынша бағыттарды, сондай-ақ премиум санаттағы шағын топтар мен жеке саяхатшыларға арналған ұсыныстарды таныстырды. Тараптар диалогты жалғастыруға және еуропалық саяхатшылардың сұранысына бейімделген бірлескен туристік өнімдерді әзірлеуге уағдаласты.

Стефан Эстер, бельгиялық туристік агенттіктің өкілі:

- Иә, мен Қазақстаннан келген туристік агенттіктердің өкілдерімен бірнеше рет сұхбаттасып, пікір алмасуға мүмкіндік алдым. Кездесулер өте жақсы өтті. Келесіде ынтымақтастық бағыттарын тереңірек талқылау қажет деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz