Шараға Мәжіліс депутаттары, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының сарапшылары мен министрлікке қарасты ұйым өкілдері қатысып, Ата заңға енгізілетін өзгерістің тиімді тұстарын ортаға салды.
Жасанды интеллект қарқыны көз ілеспес жылдамдықпен дамыған кезеңде азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін күшейту басты назарда екені даусыз. Сондықтан шарада мемлекеттік қызмет, медицина және қаржы салаларын жаппай цифрландыру жағдайында Конституцияның жаңа нормалары жеке деректердің қорғалуына қаншалықты кепілдік беретіні тілге тиек етілді.
Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
"Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, бүгінгі заманның сұранысы мен талабын ескере отырып, жан жақты қамтылғанын баса айтуымыз қажет. Соның ішінде жаңа констиутциялық құжатта азаматтардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне құқықтық кепілдіктер беріледі".
Тегтер #жасанды интеллект жылы #конституциялық реформа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz