RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған ауқымды шара өтті

08.03.2026, 13:09 315

Шымкентте Ата заңның жаңа редакциясын қолдауға арналған кең ауқымды мәдени-спорттық шара өтті.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда «Ордабасы» мен «Ертіс» командалары арасындағы матч алдында арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Жиында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызы кеңінен таныстырылды. Елге танымал тұлғалар жұртшылықты референдумда белсенділік танытуға үндеді. Ал стадионның фан-аймағында жанкүйерлер үшін интерактивті ойындар өткізілді. Мерекелік кеш эстрада жұлдыздарының концертіне ұласып, әсерлі лазерлік шоумен көмкерілді. 

Нұрлан Есенқұлов, айтыскер ақын:

- Қазір спорттық шараларға, мәдени шараларға ел қалай жиылады!? Ертеңгі референдумға солай жиылу керек. Солай бару керек. Біздің әрқайсымыздың даусымыз маңызды. Біз елдің ертеңі үшін дауыс беру керекпіз.

Қанат Тасхан, қалалық Жайдарман филиалының директоры:

- Мерекелік кештің алдында 15 наурыз күні келе жатқан Ата заңымыздағы кішкене өзгерістерді соны қадірлі халықтың барлығы хабардар болып, білуі керек деп ойлаймыз. Сондықтан барша оңтүстік жұрты, танымал тұлғалар бәрі келіп, жұдырықтай жұмылып, бармақ бірігіп, әдемілеп атсалысайын деп тұрмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz