RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы Еуропада талқыланды

08.03.2026, 13:18 335

Қазақстанда жаңа Конституция жобасының кең көлемде талқылануы қоғаммен орнатылған диалогтың жарқын үлгісі.

Брюссель сарапшылары осылай дейді. Олар басты құжатты әзірлеуге азаматтық қоғам және түрлі мүдделі тараптардың тартылғанын құптайды. Мұндай тәсіл халықаралық деңгейде «төменнен жоғары қарай» қағидатына негізделген модель деп аталады. Яғни негізгі шешімдер қоғамның белсенді қатысуымен қабылданады. Еуропалық талдаушылардың пікірінше, адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде әсіресе маңызды. 

Мишель де Кемметер, «Брюссель клубы» талдау орталығының негізін қалаушы:

- Бүгінгі таңда әлем ауқымды жүйелік қиындықтарға тап болып отыр. Мұндай жағдайда Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзге де мемлекеттер жаңа әрі шын мәнінде болашаққа бағытталған шешімдер ұсынып келеді. Еуропа үшін бұл өте қызықты әрі үлгі боларлық тәжірибе. Біздің де сіздерден үйренеріміз көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz