RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Түркі мемлекеттерімен қауіпсіздік саласында ынтымағын нығайтады

11.03.2026, 15:00 151

Еліміздің Түркі мемлекеттерімен төтенше жағдайлар кезінде бірлесе әрекет ету ынтымақтастығы нығаяды.

Азаматтық қорғау тетігін дамытатын Түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымы құрылады. Оның жеке бюджетінде тараптардың қаржылық міндеттемелері бекітіледі. Яғни әр ел үшін жыл сайынғы төлем сомасы  50 мың доллар болып белгіленеді. Бүгін Сенат отырысында тиісті келісім мақұлданды. Бұл құжат белгілі бір елдің апатты жағдайы кезінде халықтың қауіпсізідігін қамтуға, жедел ден қою мен өзара медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қандай да бір көмек зардап шеккен тараптың сұрауы бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Ал қажетті шешімдер бірлесе талқылау арқылы қабылданады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz