Қазақстанның жаңа Конституциясы ел дамуына тың серпін беруі мүмкін. Бельгиялық профессор Франк Витлокс осылай дейді.
Оның айтуынша, жаңартылған Ата заң жобасында елдің алдағы даму басымдықтары айқын көрсетілген. Әсіресе білім, ғылым және инновацияны дамытуға ерекше мән берілген. Ғалымның пікірінше, бүгінгі таңда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білім мен технологияға салынған инвестицияға байланысты. Сонымен қатар профессор Конституцияда адам құқығы мен бостандығының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуін ерекше атап өтті. Мұндай ұстаным заманауи халықаралық стандарттарға сай келеді және кез келген елдің басты байлығы адам және оның әлеуеті екенін айқындайды, - дейді сарапшы.
Франк Витлокс, Гент университеті Жаратылыстану факультетінің жетекшісі:
- Қазақстанда болып жатқан өзгерістер маңызды. Елдің ашықтық пен либерализацияға бағыт алғаны қуантады. Конституция жаңартылып, барлық азаматтың тең құқықты болуына ерекше мән беріліп отыр. Бұл еуропалық көзқарасқа сай келеді әрі Қазақстанның әлемге ашық екенін көрсетеді. Жаңа бастама кең қолдау табады деп сенемін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституция #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz