Елде 1200 депутат арнайы оқу курсынан өтіп, кәсіби тұрғыдан шыңдалды.
Енді биылдан бастап AI Governance 500 бағдарламасының аясында облыстық мәслихаттардың аппарат басшыларын оқыту көзделген. Бүгінгі келелі кеңесте Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың кәсіби білігін арттырып, цифрлық құзыретін кеңейту өте маңызды екенін атап өтті. Бұл шаруамен Мемлекеттік басқару академиясы белсенді және тиімді түрде айналысуға тиіс деді Президент.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев
Тағы бір мәселе – толық цифрлық мемлекет құру. Бұл мақсаттың еліміз үшін маңыздылығын жақсы білесіздер. Мәслихаттар бұл үдерістен тыс қалмауға тиіс. Озық технологиялар мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесінің барлық саласына енгізу стратегиялық маңызы бар мақсатқа айналды. Еліміздің жарқын болашағы осы мақсаттың табысты іске асуына тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда, мәслихаттардың осы жұмысқа белсенді атсалысқаны абзал.
Тегтер #мәслихат депутаттары #кәсібилік #24KZ #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz