«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде референдумның өту барысын бақылауда ұстап отыр.
Коалицияның негізгі мақсаты – дауыс беру учаскелеріндегі жұмыстың жүйелі жүргізілуін, заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ ашықтық пен айқындықтың қамтамасыз етілуін қадағалау. Қарағанды облысында да коалиция мүшелері дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап өз бақылау жұмыстарын бастады. Байқаушылар дауыс беру процесінің заң аясында өтуіне назар аударып, учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының талаптарға сай жүргізілуін бақылауда. Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай тәуелсіз қоғамдық бақылау азаматтардың сайлау және референдум процестеріне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Дмитрий Полтаренко, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы филиалының жетекшісі:
- Қарағанды облысындағы барлық учаскелерден ақпарат өңірлік жедел орталыққа түседі. Одан кейін біз оны Республикалық орталыққа жолдаймыз. Цифрлық технологиялар дәуірінде мұның барлығы жеткілікті түрде жылдам және оңай жүзеге асырылады. Өңірдегі көптеген учаскеде біздің коалициядан байқаушылар бар екенін атап өткім келеді.
Тегтер #референдум 2026 #Дмитрий Полтаренко #дауыс беруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz