Иорданиядан келген байқау комиссиясының өкілі референдум барысында ешқандай заң бұзушылық болмағанын айтты.
Ол 10 референдум учаскесін аралап, азаматтар үшін дауыс беру рәсімі ашық әрі қолайлы ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әр учаскеде дауыс берушілер мен байқаушыларға мұқият көңіл бөлінген. Оларға барлық қажетті ақпарат ұсынылып, туындаған сұрақтарға жедел жауап берілді. Әли аз-Зьюд Қазақстанға шақырту жолдағаны үшін алғыс айтып, «бауырлас» ел деп ыстық ілтипатын білдірді.
Әли аз-Зьюд, Иорданияның тәуелсіз сайлау комиссиясы комиссарлар кеңесінің мүшесі:
«Бақылау барысында Қазақстан азаматтарының дауыс беруге үлкен ынтамен келгеніне тәнті болдым. Мен қазақстандық азаматтарға бірнеше сұрақ қойып, оларды референдумға келуге не ынталандырғанын сұрадым. Олар мұны Қазақстанның игілігі үшін, елдегі демократияны қолдау және өз мемлекетінің болашағы үшін жасап жатқанын айтты. Сондай-ақ дауыс берудің алғашқы сағаттарында-ақ көптеген адамның келгені мені таңғалдырды».
Тегтер #Иордания #референдум 2026 #заң бұзушылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz