Енді 15 наурыз Конституция күні ретінде атап өтіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесу барысында айтты.
Және бұл күннің тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді. «Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді Президент. Сонымен қатар жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды. «Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың Парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесуде жастар өкілдері бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ елімізде қолға алынған өзгерістердің барлығын қолдайтынын айтты.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz