Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстан халқын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.
Кешегі жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтар ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Осы арқылы Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына қолдау білдіргенін жеткізді.
Үкімет басшысы: «Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық», - деді.
Осылайша қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосқанын алға тартты. Бұл әділетті әрі өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасып жатқанының дәлелі екенін атап өтті.
Тегтер #Олжас Бектенов #үкімет #конституция #референдум 2026 #ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz