RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

16.03.2026, 12:34 47

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Бауырлас елдің басшысы референдум нәтижесі Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Тағы Президент жаңа Конституция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ мемлекеттің орнықты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды. Бұдан бөлек тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін де пысықтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz