Референдумда 9 млн 127 мың 192 адам немесе дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,12 пайызы таңдау жасады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы алдын ала нәтижелерге сүйене отырып хабарлады.
Жалпы референдумға қатысуға құқығы бар 12 млн 482 мың 613 ел азаматы тіркелді. Ал референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін дауыс берушілердің 87,15 пайызы, яғни 7 млн 954 мың 667 адам таңдады.
Тегтер #референдум 2026 #дауыс беру #Орталық референдум комиссиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz