RU
Толық нұсқаға өту

Конституция 1 шілдеден бастап ресми күшіне енеді

17.03.2026, 14:55 45

Қазақстанның жаңарған Ата заңы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді.  Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде 15 наурызда аталып өтетін болды. 

«Конституция – мемлекетіміздің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат». Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осылай деді.

Мемлекет басшысының айтуынша, оның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастады. Кейін мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды.

«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар.  Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!», -  деді Президент салтанатты жиында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz