RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Конституция ұлт заңы деуге лайық

17.03.2026, 15:05 37

«Қазіргі Конституция нағыз Ұлт заңы деген атқа лайық». Мемлекет басшысы арнайы өткен салтанатты жиында сөзін осылай салмақтады.

«Өйткені өне бойында бабалар аманат еткен елдік пен ерлік рухы, салт-дәстүр, жасампаздық және жаңашылдық ұғымдары тоғысқан», - дейді. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Конституциясы келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып қабылданғанын айтты. «Қазақстанның жаңа жарғысы жер тұтастығы, ел Тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, қоғамдық әділет пен заң үстемдігін нығайтуға кепілдік береді. Білім, ғылым, инновация мен мәдениетті дамыту, тазалықты дәріптеп, табиғатты қорғауды қамтамасыз етеді. Түйіндер болса мемлекеттің бас құжаты – халық болмысының мызғымас нышаны, берекелі ауызбіршіліктің символы», - деді Президент.

Бұған қоса азаматтарымыз таңдаған жаңа Конституция Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашады, - деп мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz