Қазақстандағы конституциялық референдум елдің ішкі саяси өміріндегі елеулі оқиғаға айналып қана қоймай, шетелдік мамандардың да назарын аударды.
Маңызды шараға байланысты еуропалық сарапшылар өз пікірін білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, жаңа Ата заң демократиялық өзгерістерге жетелейтін маңызды кезеңдердің бірі. Талдаушылар негізгі өзгерістер ретінде вице-президент институтының енгізілуін, парламенттің бір палаталы жүйеге көшуін және азаматтардың саяси бастамаларға тікелей араласуын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, жаңа Ата заң басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік шығындарды қысқартуға және саяси жаңғыруға жаңа серпін береді.
Дерия Сойсал, Орталық Азия бойынша сарапшы:
- Қазақстан бүгін демократиялық өзгерістер үдерісінде көш бастап келе жатқан елдердің бірі. Сондықтан конституциялық реформаны заңды әрі уақытылы жасалған қадам деп бағалауға болады. Меніңше, мұндай өзгерістерге қажеттілік бұрыннан бар еді, ал референдум азаматтарға мемлекеттің болашақ құрылымын айқындауға тікелей қатысуға мүмкіндік берді.
Тегтер #референдум 2026 #Еуроодақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz