RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының мүмкіндігі мол

19.03.2026, 23:41 70

«Қазақстандағы конституциялық өзгерістер елдің саяси тұрақтылығын күшейтіп, өңірлік әрі жаһандық ролін арттырды».

Сауд Арабиясындағы «Gulf» зерттеу орталығының сарапшылары осылай дейді. Арнамызға арнайы сұхбат берген профессор Салех Әлхатланның айтуынша, Қазақстан геосаяси өзгерістер кезеңінде ең алдымен ішкі тұрақтылықты сақтауға басымдық берген. «Бұл ұтымды әрі уақыт өте келе өзектілігін арттыра түсетін шешім», - дейді сарапшы.

Салех Әлхатлан, «GULF» зерттеу орталығы төрағасының бас кеңесшісі:

-Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар - ұзақ мерзімді өзгерістердің заңды жалғасы. Референдум арқылы шешім қабылдау биліктің қоғамдық пікірге мән беретінін көрсетеді. Ал халықтың жоғары белсенділігі реформаларға қолдау бар екенін аңғартса керек. Бұл өз кезегінде елдің саяси тұрақтылығын күшейтіп, өңірлік әрі жаһандық ролін арттырды. 

Зерттеу орталығының өкілдері Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы саяси байланыстардың нығайып келе жатқанын айтады. Инвестиция, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында әріптестікті тереңдету жөнінде уағдаластық бар. Демек, екі жақты байланыс аясы кеңейіп, жаңа интеграциялық үдерістерге жол ашылады, дейді сарапшы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz