Алатау қаласына ерекше мәртебе беріледі. Жаңа заң жобасы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында таныстырылды.
Алматы облысының аумағындағы жаңа шаһарды дамыту ісі ширақ. Үкімет пен парламент білек сыбана кіріскен шаруа негізгі қағидаттар бойынша іске аспақ. Бірінші оқылымда депутаттар мақұлдаған құжатта нендей жаңалық бар?
Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жергілікті атқарушы билік Алатау қаласы әкімдігінің жауапкершілігі мен мәслихаттың жауапкершілігі өте маңызды. Заң жобасында мәслихат басшылығына да, Алатау қаласы әкімі болатын адамның жауапкершілігі бюджетті тиімді пайдалануына қатысты жауапкершілік жүктелген. Ең бастысы бұған бюджеттік субвенция артықшылық берілмейді. Мемлекеттік бюджеттен салынбайды бұл қала. Таза инвест жобалар арқылы жүзеге асырылады.
Тегтер #парламент #Алатау қаласы #арнаулы мәртебеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz