Менің Түркістанға ықыласым ерекше. Президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде осылай деп, өңірді түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы деп атады.
Тамыры терең, тарихы кенен өлке туралы терең толғанып, маңызды шешімдер ордасы екенін еске салды. Бүгін де сол жол жалғасып келе жатыр. Мамыр айының ортасында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы аясында мемлекеттер басшыларының жиыны өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдікке осы жиынды мінсіз ұйымдастыруды тапсырды. Әрі қарай қалада көне шаһардың бірегей тарихи келбетін сақтау мен мәдени мұрасын қорғау – еліміз үшін маңызы зор міндет екенін айтты. Мемлекет басшысы бұған айрықша мән береді. Аймақтың экономикасы да жаман емес. Былтыр 14 пайызға өсіп, салық түсімі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Ал тартылған инвестиция 1,7 триллион теңгеге жетті. Сөз арасында Президент ауыз су мен табиғи газ қамту мәселесіне арнайы тоқталды.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Үкіметтің мәліметі бойынша облыстағы елді мекеннің басым көпшілігі таза ауыз сумен қамтылды. Бірақ кейбір ауданда әлі де түйткілдер бар екен, тиісті министрлік әкімдікпен бірге бұл мәселелерді тез арада шешуі қажет. Ал табиғи газ жөнінде айтсақ, облыс халқының 90 пайызға жуығы қамтылған. Бұдан бөлек аймақта 83 әлеуметтік нысан ашылды.
Тегтер #Таңдаулы #Тоқаев #Түркістан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz