Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.
Жергілікті халық әрдайым елдік істен сырт қалмай, жүргізіліп жатқан реформаларды жаппай қолдап келеді. Бұл жолы да Ата заңды қолдаған ең белсенді облыстардың қатарында тұр. Дауыс берген жұртшылықтың 92,21 пайызы жаңа Конституцияны қолдады.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды, бұл жастарға арналған құжат десек, қате болмайды. Төрге озған Халық Конституциясы жастарға жөн сілтейді, өмір жолын көрсетеді. Жаңа Ата заң жас ұрпақпен бірге жасай береді.
Тегтер #Тоқаев #референдум 2026 #азамат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz