Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына барып, орман қауіпсіздігіне қажетті заманауи цифрлық технологиялардың қолданылу барысымен танысты.
Резерват аумағында орман және дала өрттерін ерте анықтауға арналған жасанды интеллект жүйесі пилоттық режимде іске қосылмақ. Сол арқылы тілсіз жаудың ошақтарын алыс қашықтықтан және кез келген ауа райы жағдайында бақылауға жол ашылады. Өрт не түтін шыққан кезде жүйе Жедел басқару орталығына бірден сигнал жолданады. Бұл өрт ошақтарын жедел түрде оқшаулауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл орталық камералардан алынған кескіндерді нақты уақытта көрсететін бейне қабырғамен, сондай-ақ стационарлық радиостансымен жабдықталған. Қазір олар Абай облысының 7 ауданында, «Семей орманының» барлық 10 филиалында орналасқан. Өртті ерте сөндіру жүйесі 100-ден астам сынақтан өткізілген.
Тегтер #Олжас Бектенов #ЖИ #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz