RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге өтті

15.04.2026, 17:06 112

Бұл туралы Астанада 2 күндік сапармен жүрген Түркия Республикасының Вице-президенті Жевдет Йылмаз тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеген. 

Оның айтуынша, әлемдегі және аймақтағы өзгерістер қазақ пен түрік бірлігін нығайтып, барыс-келіс пен алыс-берісті күшейтуді талап етеді. «Осы тұрғыда көлік-логистика саласы – маңызды бағыттардың бірі. Каспий теңізі арқылы өтетін кемелердің санын арттыру, сонымен қатар Қазақстан, Әзербайжан, Грузия сияқты елдердің қатысуымен бұл бағытты күшейту көзделіп жатыр», - деді Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз.

Жевдет Йылмаз, Түркия Республикасының вице-президенті:

- Қазақстанның Премьер-министрімен екіжақты кездесу өткіздік. Үкіметаралық бірлескен экономикалық комиссияның он төртінші отырысын өткіздік. 67 тармақтан тұратын жаңа іс-қимыл жоспарына қол қойып, жаңа кезеңнің басталуына жол аштық. Сонымен қатар Құрметті Президент Тоқаевтың қабылдауында болдым. Өте мазмұнды, пайдалы кездесу өтті.

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz