«Астана» халықаралық қаржы орталығы ел бюджетіне 284,3 миллиард теңге салық төледі.
Бұл жайлы мемлекет басшысының қабылдауында болған «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мәлімдеді. Ол Президентке орталықта былтырғы және биылғы бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстың жай-жапсарын таныстырды. Мәселен, AIX биржасы құрылғаннан бері борыштық және үлестік капитал көлемі 12,4 миллиард долларға артты. 2023-2025 жылдардағы сауда-саттық 4 миллиард долларға жеткен. Ал былтырдан бері АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы 1600-ден астам істі қарады, ал оның жалпы саны 4900-дан асқан. Мемлекет басшысы орталықты одан әрі ілгерілетуге қатысты бірқатар міндет жүктеді. АХҚО-ның халықаралық беделін күшейту, реттеуші ортасын жетілдіру, елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның қаржы нарығын дамыту мақсатында Орталық тәжірибесін жаппай тарату қажет екенін атап өтті.
Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
- Бізде 1800 астам компания тіркелген, жалпы компаниялардың саны 5 500. Олар 90 әртүрлі мемлекеттен тіркелеген компаниялар. Сонымен қатар қаржы нарығымызда сауда биржасы 2 млрд доллардан асып отыр. Бұл да бір тарихи кезең. Біздің сот жүйемізге инвесторлардың сенімі артып келе жатыр. Сонымен қатар біздің орталығымызда жаңа құралдар, авиация саласында лизинг, сақтандыру қызметтерін жасау және оны арттыру үшін мүмкіндіктер жасалып отыр.
Тегтер #Мемлекет басшысы #қаржы орталығы #Ренат Бектұров #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz