RU
Толық нұсқаға өту

Елордаға 4 елші келді

16.04.2026, 17:00 45

Елордаға 4 елші келді. Ақорданың төріне өтті. Қазақстанмен алтын көпір орнату көңілдерін білдіріп, Президентке сенім грамоталарын тапсырды.

Бұл жәй ғана ресми рәсім емес. Енді төтенше және өкілетті төрттіктің алдында елеулі міндет тұр. Бізге инвестиция тартып, арадағы саяси диалогты нығайту керек. Сонымен Кувейт, Моңғолия, Монако Княздігі және Эль-Сальвадор Республикасының елшілері бүгіннен бастап іске кірісті.

Гунаажавын Батжаргал, Моңғолияның Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазіргі таңда Қазақстан мен Моңғолия стратегиялық серіктес елдер. Мұндай байланыс 2 жыл бұрын Қазақстан Президентінің Моңғолияға сапарынан кейін басталды. Арадағы сауда-саттық артып жатқанын айту керек. Сондай-ақ Моңғолия басшысының Қазақстанға сапарлайтынына қуаныштымын. Президент өңір үшін ғана емес, әлем үшін өзекті экологиялық саммитке қатысады. Жалпы тараптардың мемлекеттік тұрғыда және адамдардың өзара тығыз араласу әлеуеті зор.

Қазақстан – бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанады. Бұл бір. Екіншіден бізде елші жіберген мемлекеттердің мүддесіне сай келетін мүмкіндік мол,-деді Президент. Сосын, созбай келесі аптаның жұмыс кестесімен таныстырды. Тығыз. Моңғолия Президентінің сапары бар. Астанада БҰҰ аясында Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырылады. Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы да өтеді. Бұдан бөлек елдегі іргелі реформаларға қатысты да ойын ірікпеді. Прогрессивті Конституция қабылданғанын айтты. «Заң мен тәртіп» қағидатын қазық етіп, білім, инновация және жасанды интеллектіні өрістетуді мақсат еткенімізді жеткізді. Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz