Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының ресми ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты іс-шарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз сөйледі. Сондай-ақ форум жұмысына басқа да бірқатар елдің делегация басшылары қатысты. Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын жоғары деңгейде өтетін халықаралық пікірталас алаңы. Ауқымды жиын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосады. Сондай-ақ форум екіжақты және көпжақты байланыстарға, саяси консультациялар мен бейресми кездесулерге арналған тиімді платформа саналады.
Тегтер #форум #Анталия #Мемлекет басшыларыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz