RU
Толық нұсқаға өту

Балқан түбегімен сауда байланысы нығаяды

21.04.2026, 13:45 30

Қазақстан мен Солтүстік Македонияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы нығайды.

Скопье қаласына жұмыс сапарымен барған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті серіктес елдің басшысы Гордана Силяновска-Давкова қабылдады. Кездесуде Солтүстік Македония Президенті Астанаға жасаған былтырғы сапары жайлы айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады. Ал 100-ден астам компания өкілдері қатысқан форумда тараптар өзара тауар айналымын тұрақты өсіру мәселелерін талқылады. Жиын соңында қос мемлекет арасында Іскерлік кеңес құру туралы келісім жасалды. Сонымен қатар «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы мен Солтүстік Македонияның инвестициялар тарту және экспортты ілгерілету Агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Солтүстік Македонияны Балқан түбегіндегі экономикалық әлеуеті зор серіктес ретінде қарастырамыз. Бүгінгі таңда өзара сауда-саттық көлемі аз болғанымен болашақта оны арттыру мүмкіндігі көп. Қазақстанның экспорттық әлеуеті 320 млн АҚШ долларынан асады. Біздің ел Еуропа мен Азияны байланыстыратын көлік-логистика хабына ие. Бұл тұста Транскаспий халықаралық бағыты маңызды рөл атқарады. Ал Солтүстік Македония дәл осы дәлізді Балқан және Оңтүстік-шығыс Еуропамен жалғай алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz