Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Президент екі ел арасында шынайы достық пен сыйластыққа толы қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Моңғолия Үкіметін басқарған кезде де қос елдің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға тікелей атсалысқанын, енді міне, Мемлекет басшысы ретінде бұл жұмысты жаңа қарқынмен жалғастырып жатқанына ризашылығын білдірді. Ал Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары марапат тапсырғаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға бар күш-жігер жұмсауға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгін қол жеткізілген маңызды келісімдер достығымызды одан әрі бекемдей түсетіні сөзсіз. Қазіргі алмағайып, дүбірлі кезеңде осы ықпалдастығымызды күшейтудің мәні айрықша. Бұған барлығымыз да мүдделіміз. Сіз қазақ-моңғол қарым-қатынасын нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Осыған орай, мен Өзіңізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – барша қазақ халқының Сізге және бауырлас моңғол жұртына деген ерекше құрметінің белгісі. Қазақстан мен Моңғолияның достығы мәңгі болсын.
Тегтер #Тоқаев #Моңғолия #президент #марапат
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz