RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев мүдделі халықаралық тараптарды Каспийді сақтау жолында күш біріктіруге шақырды

22.04.2026, 15:39 24

Мемлекет басшысы саммитте еліміздің Каспий теңізі тағдырына алаңдайтынын айтып, оны сақтау жолында мүдделі халықаралық тараптарды күш біріктіруге шақырды.

Теңіз айдынын қорғау аймақта экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен орнықты дамуды қамту тұрғысынан айырықша маңызға ие. Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Осылай деген Президент, Арал теңізінің жайына да тоқталды.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Су қауіпсіздігі Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе. Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді. Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысын өткіземіз. Жиын барысында әріптестерімізбен бірге Қазақстанның осы ұйымға үш жылдық төрағалығын қорытындылаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz