RU
Толық нұсқаға өту

М. Әшімбаев Президенттің халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдауға шақырды

22.04.2026, 19:00 24

Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Қазақстан президентінің халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдауға шақырды.

Бүгін бас қалада Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен парламенттік дипломатияның климаттық сын-қатерлерді еңсеру жолындағы рөлі және Орталық Азияның орнықты даму перспективалары тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Келелі кеңесте сөз алған ол Арал қасіреті мен Семейдегі ядролық сынақтардың зардаптарын еңсеру Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып келе жатқанынына тоқталды. Қазіргі таңда еліміз бұл тәжірибені экономиканы декарбонизациялау, «жасыл» энергетиканы енгізу, суды үнемдеу және шөлейттенуге қарсы тиімді күрес жөніндегі ұлттық бастамаларды белсенді іске асыру сияқты ауқымды жұмыстармен жалғастырып келеді, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамның жауапкершілігін арттыруға және орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуге арналған «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазақстан климаттық күн тәртібін ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де жүйелі түрде ілгерілетіп келеді. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құру – осы бағыттағы маңызды қадам. Сондай-ақ Қазақстан Президенті БҰҰ аясында мамандандырылған Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ұсынды. Бұл бастама институционалды үйлесімділікті күшейтуге, функциялардың қайталануын қысқартуға және су мәселесіне халықаралық деңгейде басымдық беруге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz