Президент мұндай салмақты делегацияның келуі Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі экологиялық мәселелердің шешімін табуда ұйымның рөлін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге қосқан үлесін жоғары бағалап, геосаяси тұрақсыздық белең алған шақта климат өзгерісі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстарының тапшылығы сынды қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды үйлестіру өте өзекті екеніне тоқталды. Бұл ретте мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыра алатын Біріккен ұлттар ұйымының әмбебап халықаралық платформа ретіндегі баламасыз рөліне мән беріп, Ұйымның тиімділігін арттыруда Бас хатшының ЮЭн-80 бағдарламасын қолдайтынын тағы бір мәрте атап өтті. Ал Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері өз кезегінде Өңірлік экологиялық саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, Қазақстан Президенті пленарлық отырыста мазмұнды баяндама жасағанын оң бағалады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #БҰҰPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz