Елде бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алуға бағытталған реформалардың орындалу барысы сарапталды.
Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ұсынымдарын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Әділет министрлігі басшылығы баяндама жасады. Артынша Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралардың маңызына тоқталып, елдегі прогрессивті өзгерістерге назар аударды. Бұл бағытта жаңа Конституцияда шектеулер айтарлықтай күшейтілгенін атап кетті. «Айталық, 35-бапта сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысы немесе құқық бұзушылығы сот арқылы мойындалған адамдардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға құқығы жоқ екені көрсетілген. Бұл норма алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді» , - деді ол.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Жаңа Конституцияда маңызды жаңашылдықтар өте көп. Және барлық салалар мен бағыттарды кеңінен қамтыған. 35-бапта сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысы немесе құқық бұзушылығы сот арқылы мойындалған адамдардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға құқығы жоқ екені көрсетілген. Бұл норма алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ерлан Қарин #реформаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz