Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап, оның жұмысымен танысты.
Бұл қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық креативті секторды қолдау үшін құрылған болатын. Жаңа кеңістік шығармашыл жастар, инвесторлар мен туристер жиналатын орталыққа айналмақ. Шоурум форматындағы кеңседе идеяның дайын өнімге дейінгі бүкіл процесі көрсетілген. Президент зергерлік және ағаш шеберханаларын, музыка, кілем тоқу, бейнелеу өнері залдарын және fashion-аймақты көрді. Сондай-ақ Yurt Capsule жобасымен танысты. Бұл дәстүрлі киіз үйдің заманауи, технологиялық нұсқасы. Сондай-ақ Президентке ел брендингі тұжырымдамасы таныстырылды. Ол мәдени мұраны жаңаша дамытып, креативті индустрия арқылы туризмді арттыруға бағытталған. Қор төрт бағытта жұмыс істейді: таланттарды қолдау, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және өнімдерді шетелге шығару. Сонымен қатар өңірлік хабтардың жұмысын үйлестіреді.Қазір Қазақстанда креативті экономикада 48 мыңға жуық бизнес бар. Бұл салада шамамен 160 мың адам жұмыс істейді.
Дастан Мұхамедрахым, тревел-блогер:
- Президентіміздің алдында осы еліміздің туризмін дамытып жатқанымды, соңғы жылда жасалған еңбектерім жайында қысқаша тоқталдым. Одан бөлек алдағы уақытта, бұйырса, Қазақстанға ең танымал тревел-блогерлерді әкеле жатырмыз. Орташа екі адамды әкеле жатырмыз, ең танымал, екеуінің жалпы оқырман саны 100 миллионнан асады. Олар Қазақстан жайлы деректі фильм түсіретін болса, Қазақстанды бүкіл әлем, көп адам бір уақытта ауқымды таниды деген үміттеміз.
Тегтер #президент #креативті индустрия #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz