RU
Толық нұсқаға өту

«AMANAT» партиясының белсенділері сенбілікке қатысты

25.04.2026, 19:15 33

«AMANAT» партиясының белсенділері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қалалық сенбілікке қатысып, шамамен 50 түп ағаш екті.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек те қатысты. Биыл Орталық аппарат қызметкерлері мен партия белсенділері Рақымжан Қошқарбаев даңғылы бойында көшет отырғызып, қала тазалығына атсалысты. Акция басталғалы бері ел аумағында 2,5 мыңнан астам ластанған аумақ тазаланып, 100-ден астам су айдыны ретке келтірілді. Атап айтқанда, Каспий теңізінің, Балқаш және Зеренді көлдерінің, Кеңгір су қоймасының, сондай-ақ Ертіс, Нұра, Есіл және Талас өзендерінің жағасы ретке келтірілді. Нәтижесінде ел аумағында 200 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, акцияға шамамен 125 мың адам қатысты.   

Ерлан Ахмеди, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының сарапшысы:

- Соңғы бірнеше жылда елімізде осындай бір мәдениет қалыптасуда Таза Қазақстан аясында көптеген көшеттер отырғызылып. Сондықтан да осындай дәстүрді жалғастырып, елімізді шынымен жасыл Қазақстанға айналдыру осындай іс-шаралар өте маңызды. 

Нұрбек Кеңесбай, «AMANAT» партиясы Саяси жұмыс департаментінің консультанты:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жыл сайын жүргізіледі. Аманат партиясы әуелі «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» атты экомақсаттағы акциясын жалғастырып келеді. Осы акция аясында өңір мен аумақтар өздерінің тұрып жатқан аумақтарын тазартады. Экологиялық тазарумен қатар рухани тазарудың көрінісі деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz