RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

30.04.2026, 17:18 26

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. 

Президент уағдаластықтарды жүзеге асырудың, сондай-ақ сан саладағы байланысты одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтты. Мамыр айының соңында болатын Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапармен келеді. Кездесуде осыған ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде қарастыратынын жеткізіп, екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде аталған уақиға маңызды рөл атқаратынан сенім білдірді. Сергей Лавров те осы сапарға әзірлік барысы туралы ақпарат берді. Одан бөлек, көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер мен Сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанына тоқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz