RU
Толық нұсқаға өту

Президент Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентін қабылдады

04.05.2026, 17:00 35

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады.

Кездесуде Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу жөнінде өршіл мақсат қойғанына назар аударды. Сондай-ақ Алматының технологиялық хаб ретіндегі роліне айрықша мән берілді. Бұл қалада еліміздегі IT-компаниялардың үштен бірі шоғырланған. Дамыған экожүйе құрамында белсенді стартаптар, инвесторлар мен халықаралық ойыншылар бар. Одан бөлек Алматыда өтіп жатқан форум жайлы пікір алмасты. Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті аталған алаң технологиялық нарықтың негізгі қатысушыларының басын қосып, жаңа серіктестіктер табуға жол ашатынын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz