RU
Толық нұсқаға өту

Президентке қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

04.05.2026, 17:20 36

Президентке Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды.

Бұл инновациялық орталық Қарулы Күштердің және ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жедел дамыту жөніндегі инновациялық экожүйе құруды көздейді. Жоба аясында инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен тұрақты жұмыс механизмі қалыптасады. Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылған. Бұл Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриалдық серіктестер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бастаманы ілгерілету аясында Алматыдағы Армия Үйі базасында мультифункционалды инновациялық хаб – Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz