RU
Толық нұсқаға өту

Отын қоры 1 қыркүйекке дейін реттелуі тиіс

05.05.2026, 16:00 43

Жылу беру маусымына арналған отын қоры 1 қыркүйекке дейін жинақталуы тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов салаға жауаптыларға осындай міндет жүктеді.

Үкімет басшысы алдағы жылу беру маусымына дайындық аясында жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды тапсырды. Бұған Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірге кіріседі. Жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz