RU
Толық нұсқаға өту

Бір палаталы Парламентке көшу

05.05.2026, 21:00 36

Бір палаталы Парламентке көшу, заң шығару ісін ілгерлетіп, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуына мүмкіндік береді.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай дейді. Оның айтуынша, парламенттің жаңа моделі, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналмақ. Айталық, партияларға, сайлаушылардың 5% қолдауына ие болған жағдайда да парламенттен орын алуға мүмкіндік береді. Ал бірмандатты жүйеде кандидат, жеңіске жету үшін 50%-дан астам дауыс жинауы тиіс.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Партиялық тізімнің артықшылығы – қандай да бір партия өкілдерінің Парламентке өтуі үшін 5% дауыс жеткілікті. Ал бірмандатты округте жеңіске жету үшін 50%-дан астам дауыс алу қажет. Яғни мысалы, сіз 1% айырмашылықпен ұтылып қалсаңыз, 51-ге қарсы 49 болса да, сіз парламентке өтпейсіз, сол арқылы сізді қолдаған сайлаушылардың дауысы ескерусіз қалады. Ал пропорционалды жүйеде, тіпті 5% қолдауға ие болса да, белгілі бір партия өкілдерінің көзқарастары мен мүдделері парламентте естілу мүмкіндігіне ие болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz