RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл болмақ

08.05.2026, 11:26 80

Парламент палаталарының бірлескен отырысында “Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл туралы «24KZ»  хабарлайды.

Заң жобасының басты мақсаты – бірпалаталы Құрылтайдың конституциялық – құқықтық негізін бекіту.

Заң жобасын Мәжіліс депутаты Айдос Сарым таныстырды. Оның айтуынша, Құрылтай құрамына 145 депутат енеді. 

“Заң жобасына сәйкес, Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады, пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және  олардың өкілдік мерзімі – 5 жыл болады,  деп белгілеу ұсынылып отыр”, – деді депутат.

Сондай-ақ Құрылтай аясында 8 бейінді комитет құру жоспарланған. Бұдан бөлек, Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес туралы нормаларды бекіту ұсынылды.  

Жаңа Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.     

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz