RU
Толық нұсқаға өту

Президент бірқатар заңға қол қойды

08.05.2026, 20:05 57

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz