Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының атқарушы директоры Диене Кейтамен кездесті.
Онда денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимыл, ана мен баланы қорғау, ре-продуктивті денсаулық, әйелдер мен жастарды қолдау мәселелері талқыланды. Олжас Бектенов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін жеткізді. Сондай-ақ Ел Үкіметі БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мемлекет басшысының атына сәлемін жеткізіп, Қазақстанның әлеуметтік саладағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сонымен қатар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі технологиялық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін және жасанды интеллект шешімдерінің енгізіліп жатқанын атап өтті. Астанадағы қалалық ауруханаға барған кезде, Диене Кейта медициналық мекеменің заманауи жабдықталуына назар аударып, оның әлемнің жетекші клиникалары деңгейіне сәйкес келетінін айтты.
Тегтер #Олжас Бектенов #БҰҰ #денсаулық сақтау саласы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz