Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің басшысына ілтипат көрсетіп, мемлекеттік сапардың екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, президент былтыр Анкараға жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, бүгінгі өткізілетін ауқымды бизнес форумға тоқталды. Ал Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтып, қос мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Түркия #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz