RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан-Түркия: мәдени-гуманитарлық байланыс кеңейіп отыр

14.05.2026, 16:20 42

Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұған 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылуы, сондай-ақ, Астана мен Алматыда «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластықтың жүзеге асқаны дәлел. Бұған қоса, бүгінде еліміздің 14 мыңға жуық азаматы Түркияда оқиды, ал 260-қа жуық түрік студенті еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университеттің жанынан Түркиядағы Гази университетінің филиалы да өз жұмысын бастады. Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеуде. Десе де, мемлекет басшысы бұл бағытта әлі де көптеген мүмкіндік бар екенін алға тартып, түрік бауырларымызды Қазақстанмен озық тәжірибесін бөлісуге, елімізге инвестиция салуға шақырды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz