RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте қазақ-қытай орталығы ашылды

14.05.2026, 22:40 29

Шымкентте Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым мен бизнесті байланыстыратын жаңа орталық ашылды.

Университет базасындағы алаңда қос мемлекет компанияларының бірлескен жобаларына қолдау көрсетіледі. Кәсіпкерлер мен ғалымдар өзара инновация игіліктерін талқылайды. Студенттер мен оқытушылар тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейде білім алуға жол ашылады. Мамандардың айтуынша, жаңа орталық алдағы уақытта ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық форумдар ұйымдастыруға септігін тигізеді.  

Мақсат Елікбай, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің факультет деканы:

- Олардан бізге келіп жатқан жаңа технологиялар, жаңа инновациялар, аграрлық сектор да болсын, текстиль, жеңіл өнеркәсіп болсын соларға келіп жатыр. Біздің университет Қытай мемлекетінің университеттерімен тығыз байланыста. Шымкенттегі кәсіпорындарға қазіргі заманға лайықты мамандар дайындауға үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz