Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысатын мәртебелі меймандардың алғашқы легі келе бастады.
Жаңа әзірде Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған келді. Оған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев мінген ұшақтар Түркістан халықаралық әуежайына қонған еді. Мемлекет басшыларын Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин күтіп алды.
Тегтер #Түркістандағы саммит #Қырғызстан #Өзбекстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz