Түркі мемлекеттері ұйымы алдағы 10 жылда барлық сала бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізеді.
Ал кезекті саммиттің Түркістан қаласында өтуі үлкен бастамаларға ерекше серпіліс береді. Өзбекстандағы «Фикрат» платформаларындағы азаматтық еркіндік және әлеуметтік әділдік мәселелері бойынша сарапшы, белгілі тарихшы Ихтиер Эсанов осындай пікір айтты. Жаһандағы қазіргі тұрақсыз геосаяси жағдайда бауырлас елдердің бірлікпен бейбітшілікке ұмтылуы көп мемлекетке үлгі. «Тіпті мұндай ауызбіршілікке негізделген ұйымдарды кейбір мемлекеттер тәжірибелеріне енгізсе артық болмайды», - дейді ол.
Ихтиер Эсонов, «Fikrat» платформаларындағы азаматтық еркіндік және әлеуметтік әділдік мәселелері бойынша сарапшы:
- Саммиттің Түркістанда өтуінің өзі үлкен маңызға ие. Түркілер үшін Түркістанның ауқымы кең ұғым. Бұл – барша біздің бауырлас халықтардың астанасы. Меніңше, келелі кеңесте президенттеріміз алдағы жоспарларды түзіп, бауырлас елдер үшін маңызды шешімдер қабылдайды деген сенім мол. Жалпы тарихи тұрғыдан қарасақ, біздің қазіргі бірлігіміз үлкен күшке ие. Жыл артқан сайын алыс-беріс, барыс-келіс артып жатыр. Бұл – өте құптарлық іс. Бұған біз барлығымыз атсалысуымыз керек.
Тегтер #Түркістандағы саммит #ұйым #тәжірибе #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz