Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, жиынға келген меймандарға ризашылығын білдірді.
Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы деп, көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналғанын еске салды. Қожа Ахмет Ясауидың еңбектерін жіпке тізіп, елдегі идеологиялық бастамалар кұламаның ілімінен бастау алатынын айтты. Биыл Ұлыстың ұлы күнінде Мемлекет басшысы «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдады. Осыған орай тиісті Заң қабылданып, арнайы Жарлыққа қол қойылды. Президент: «Бұл – күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат», - деп, алғашқы мәртебелі награданы кеше Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстағанына тоқталды. Осылайша, түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтар арасындағы мызғымас бауырластық тамыры нығая беретініне сенім білдірді.
Тегтер #Тоқаев #Түркістандағы саммит #меймандар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz