Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясыны Төрағасы Ерлан Қошанов Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады.
Тұрғындар су желілерін жөндеу, елді мекендерді газдандыру және шекара маңындағы ауданда пошта қызметін жолға қою сынды бірқатар мәселелерін айтты. Ерлан Қошанов партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында барлық тұрмыстық және әлеуметтік инфрақұрылым ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Азаматтармен кері байланыс орнатып жатыр. Осындай қабылдау өткізудің маңызы, партия алдағы уақытта да халықтың мұң-мұқтажын шешуге баса мән беретіні айтылды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Біз ел-елді көп аралаймыз. Халықтың жағдайын, талап-тілегін жақсы білеміз. Сайлауалды бағдарламамызда олардың бәрі қамтылған. Барлығы кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Десе де өңірлерді аралау бір бөлек, азаматтармен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын да тыңдауымыз керек. Біз үшін әр адамның мәселесі маңызды. Оны шешу – басты міндетіміз. Былтыр «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына азаматтардан 124 мың өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі шешілді. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, халық үніне құлақ асатын партия дегеніміз осы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz