RU
Толық нұсқаға өту

Саясаттағы әйелдердің ролі талқыланды

19.05.2026, 09:20 51

Әлем парламенттеріндегі депутаттық орындардың 27,5% әйелдерге тиесілі. Мұндай статистика Қазақстанның саяси өміріне әйелдердің қатысуын кеңейтуге арналған тренингте таныстырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған  оқуға елдің түкпір-түкпірінен 60 қыз-келіншек келді. Олар отандық және шетелдік сарапшылардың көмегімен әртүрлі саяси үдерістерді жобалайды. Пікірталасқа қатысып, сайлаушылармен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламаларды жасауды үйренеді. Қазір қазақ Парламентінде әйел депутаттардың саны 18 пайызға жетті. 3 министрлікті әйел адам басқарады. Ұйымдастырушылар мұндай тренингтер саяси саладағы жұмысқа болашақ мамандарды әйелдер арасынан даярлауға мүмкіндік береді деп санайды.

Джерен Гювен Гюрэш, «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Орталық Азиядағы үйлестіру кеңсесінің басшысы:

- Қазақстан Президенті гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Бірнеше айдан соң Парламенттік сайлау болады және біз тренингттің арқасында сайлауалды жарысқа қатысуға дайын әлеуетті үміткерлерді оқытуға қуаныштымыз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz